Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

ШҚО-да 21 жастағы мас жүргізушінің кінәсінен жол апаты болды

2020 жылдың 17 ақпан 2020 07:40

КУРЧАТОВ. ҚазАқпарат — Шығыс Қазақстан облысында мас жүргізуші жол-көлік оқиғасын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция бейнебақылау камераларына мониторинг жүргізу барысында Курчатов қаласында құқық бұзушылық фактісі орын алғанын анықтағанын хабарлады. «ВАЗ 2106» маркалы автокөлік жүргізушісі үйлердің бірінің ауласында көлік тұрағында тұрған «BMW 323» маркалы көлігімен соқтығысқандығы анықталды.

«Оқиға орнына бірден жедел топ жіберілді. Тексеріс кезінде мас күйінде «ВАЗ 2106» маркалы автокөлік руліне отырған 21 жастағы жүргізуші ұсталды. Бұл ретте ұсталған азамат 2019 жылдың қараша айында үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған екен», — деп түсіндірді ШҚО ПД баспасөз қызметінде.

Сотқа дейінгі тергеу барысында жүргізуші кінәсін мойындады. Жақын арада материал Курчатов қалалық сотына жіберіледі деп жоспарлануда.

Автор:

Орал Ерланулы


Жоғары қарай