Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

ШҚО ауруханасына коронавирус жұқтырған Қытай азаматтары жатқызылады деген ақпарат жалған – әкімдік

2020 жылдың 20 ақпан 2020 10:42

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Зайсан ауданында коронавирус жұқтырған Қытай азаматтары жатқызылады деген ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кешелі бері әлеуметтік желілерде «коронавирус жұқтырған Қытай азаматтары Зайсан ауданына жеткізіліп, жергілікті ауруханаға жатқызылады» деген сыңайдағы ақпараттар тарап кеткен. Осыны естіп үрейленген Сартерек және Айнабұлақ ауылының тұрғындары топ болып көшеге шығып, сондағы ауруханалардың алдына жиналды. Олар шекараның жабылуын талап еткен.

«Облыс әкімі Даниал Ахметов жұртты тыныштандыру үшін Зайсанға келді. Өңірімізге науқас адамдар әкелінеді деген ақпарат жалған. Шындыққа сәйкес келмеймін мәліметтерді таратқандар қылмыстық жауапқа тартылатынын еске саламыз», - дейді облыс әкімінің баспасөз қызметі.

19 ақпан күні аймақ басшысы Даниал Ахметов халық алдында есеп беру кездесуінде шекаралас ауыл тұрғындарын коронавирустан үрейленбеуге шақырған еді.




«Қазақстанда инфекция жұқтырған ешкім жоқ. 17 ақпаннан бастап Қытайдан келген әрбір азамат 2 аптаға обсервациялық бақылауға жатқызылады. Облыстың медициналық мекемелерінде коронавирусқа қарсы препараттар қоры жеткілікті. Сондықтан баршаңызды үрейленбеуге шақырамын. Жағдай бақылауда», - деді Даниал Кенжетайұлы.






Жоғары қарай