Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 378.17
EUR 429.11
RUB 5.88
CNY 56.48

ШҚО әкімі Күршім паромындағы мәселенің қалай шешілетінін айтты

2019 жылдың 22 ақпан 2019 12:02 491

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің ел алдындағы есепті кездесуінде Күршім ауданы тұрғындарының атынан паром мәселесіне қатысты сұрақ қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әділбек Маткримов есімді тұрғын поромның қызметіне халық тарапынан көптеген шағым бар екенін айтып, осы проблеманы біржақты етуді сұрады.

Облыс әкімі Даниал Ахметов бұл жағдайдан хабардар екенін айта келе, мәселені шешу екі кезеңмен іске асатынын түсіндірді.

«Біріншіден, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы паром қызметінің сапалы болуын тұрақты бақылауға алатын болады. Ауа райының қолайсыздықтарын ескергеннің өзінде тасымал жиілігі 90 пайыздан түспеуі керек. Екіншіден, «Құйған айлағы» ЖШС-не қызмет сапасын тиісті деңгейде ұйымдастыра алмағаны үшін айыппұл санкциясын енгізу керек. Қажет болған жағдайда тасымал кестесін сақтамай, тариф саясатын ақылға қонымды жүргізбегені үшін келісімшартты бұзу қажет»- деді әкім.

 

 

Жоғары қарай