Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Шикізаттық емес экспортты арттыруда қазақстандық экономиканың әлеуеті зор – Досаев

2019 жылдың 15 қараша 2019 12:15

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев экспортты әртараптандыру мен импорттың орнын отандық тауарға ауыстыру мәселесін сөз етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Валюталық нарықтың балансының сақталуы үшін экспортты әртараптандырудың маңызы өте жоғары. Импорттан келетін тауардардың орнын отандық өндіріспен толықтыру керек. Биыл 9 айда төлем балансының ағымдағы шотының тапшылығы 4,7 млрд долларға жеткен. Яғни, импорт 12,2%-ға өскен. Бұл ең алдымен ТШО, Қашаған, «Сары-Арқа» газ құбыры, Алматы Үлкен айналма жолы, «Хюндай» автозауыты сияқты ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті құрал жабдықты сатып алумен байланысты болды. Біздің талдау бойынша, ел экономикасында импорттың орнын басуда әрі шикізаттық емес экспортты өсіруде үлкен әлеует бар», - деді Ерболат Досаев Алматыда өткен «Қазақстан қаржылық нарығы мен нақты экономикалық секторы» конференциясында.

Оның айтуынша, екінші деңгейлі банктердің экономиканың нақты секторын несиелеу көрсеткішін ұлғайту Ұлттық банктің басты міндеттерінің бірі болып қала бермек.

Жоғары қарай