Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 371.56
EUR 422.43
RUB 5.56
CNY 53.51

Шиеліде кәсіпкер спорт кешенін салып берді

2018 жылдың 19 қыркүйек 2018 02:21 132

ШИЕЛІ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Шиелі ауданы Төңкеріс ауылдық округінің орталығы - Шеген Қодаманов ауылында жаңа спорт кешені салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спорт кешені «Төңкеріс-К» ЖШС директоры  Бауыржан Көпеевтің жеке қаражатымен бой көтерді. Аталмыш кешеннің жобалық құны - 97 млн 300 мың теңге.

Игілікті шараға Қырымбек Көшербаев қатысты. Ел алдында ол өз лебізін білдірді.

«Біздің дана халқымыз «Жаны сергектің тәні сергек» деп тегін айтпаған. Бүгінгі зымыран заманның талабы да белгілі: тек дені сау ұлт қана мына мың құбылған әлемде бәсекеге қабілетті бола алады. Ендеше, бұл спорт кешенінің ашылуы тек спортшылар үшін ғана емес, баршамыз үшін қуаныш», - деді облыс әкімі.

Елбасы Жолдауында айтылғандай, 2020 жылға дейін бұқаралық спортпен айналысатын қазақстандықтардың санын 30 пайызға дейін көтеру бағытында Сыр өңірінде игілікті істер қолға алынып келеді. Осы мақсатта Шиелі ауданында заманауи спорт алаңдары, дене шынықтыру жəне сауықтыру алаңдары көптеп салынуда.

Былтырғы жылы ауданда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Ақмая ауылынан жобалық құны 70 млн теңгені құрайтын спорт кешені пайдалануға берілсе, биылғы жылы 42 млн теңгенің спорт кешені Алғабас ауылында халық игілігіне табысталды. Сондай-ақ Еңбекші, Жөлек ауылдарында да дәл осындай спорт кешендері іске қосылды. Сонымен бірге, Керделі, Бестам ауылдық округтерінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында спорттық сауықтыру кешендерінің құрылысы жүргізілуде. 

 

 

Жоғары қарай