Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Шиеліде кәсіпкер 20 мың түп алма ағашын екті

2019 жылдың 14 сәуір 2019 18:56 923

ШИЕЛІ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Талаптан ауылдық округінің тұрғыны Көбей Дәулетов 10 гектар жерге 20 мың түп алма көшетін отырғызды. Алма бағына тамшылатып суару әдісі пайдаланылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» тас жолының бойындағы «Оқшы ата» кесенесіне қарама-қарсы беттен алма бағын өсіруді қолға алды.  Көбей Дәулетовтің айтуынша, қазір жалқаулыққа бой алдыруға болмайды. Осындай орайлы істер арқылы туған жерді түлетуге мүмкіндік бар.  

Сыр өңірінде бұрынғы жылдарда жеміс-жидек шаруашылықтары болған еді. Дегенмен беріде ол шаруашылықтар өз жұмысын тоқтатты. Соның салдарынан алма, өрік секілді жеміс-жидек түрлері сырттан тасымалданып келеді. Көбей Дәулетов сол олқылықтың орнын толтыруды көздеп отыр. 

 

 

Жоғары қарай