Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Шетелдіктерді Қазақстандағы қандай нысандар қызықтырады

2019 жылдың 17 сәуір 2019 17:17 1205

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда KITF 2019 туристік көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бұл көрме Алматыда 19-шы рет ұйымдастырылып отыр. Оған әлемнің 25 елінен 350 туристік компания қатысуда. 

Қалалық туризм басқармасының басшысы Мақсат Қиқымов хабарлағандай, былтыр Алматыға 1 миллионнан астам турист келген. Оның 365-і - Еуропа, АҚШ, Ресей саяхатшылары.


null 

«Бұл көрсеткіш ЭКСПО мен Универсиада өткеніне қарамастан, 2017 жылғы деректермен салыстырғанда 3,2%-ға артық. Алматының туристік тартымдылығын арттыру үшін көп іс жасалып жатыр. Әсіресе, халықаралық туризм туралы сайттарда  жиі жарияланып жатыр. Шетелдік туристердің көпшілігі Алматыны осындай сайттар арқылы тануда. Статистикаға сенсек, туристердің 37%-ы Алматы туралы ақпаратпен халықаралық сайттарда танысқан. 8%-ы ұзынқұлақтан естіп немесе әлеуметтік желі арқылы біліп келген. Қазақстанға еуропалық туристер көп келеді», - дейді Мақсат Қиқымов.


null 

null 

Шетелдік туристер көбінесе көшпелі мәдениетті тану үшін әрі таулы аймақта демалу үшін келеді.

«Алматыда бұл жағынан барлық жағдай жасалған. Әуежайдан қаланың ортасына 20 минутта жетеді. Қаланың орталығынан тауға жеткенше 20 минут уақыт кетеді. Ішкі туризм 17%-ға артқан. Сондықтан, қала билігі тау кластерін дамытуға мүдделі. Алматыда барлық шаңғы жолдарының ұзындығын қоссақ, 46-ақ шақырым болады екен. Біз бұл көрсеткішті кем дегенде 456 шақырымға жеткізсек деп ойлаймыз. Қалада 2,5 мың мейрамхана, 128 сауда үйі, 50 базар, 19 музей, 20 театр бар. Шетелдік туристерді көбінесе экотуризм қатты қызықтырады», - деді ол.


null 

null 

KITF 2019 көрмесі аясында 1200 меморандумға қол қою жоспарланған. Олардың көпшілігі қазақстандық туристік ұйымдардың арасында ішкі туризмді дамыту бағытында болмақ. Сонымен қатар, туризм саласын цифрландыру, медициналық туризм тақырыбында семинарлар жоспарланған.

Көрме 19 сәуірге дейін жалғасады.



null 

null 

null 

null 

null 

 

Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Туризм, Алматы,
Жоғары қарай