Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Шетелдік жұмыc күшін заңсыз пайдаланған 21 адам жазаланды – Қостанай облысы

2019 жылдың 17 қыркүйек 2019 02:47

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында ҚР заңнамасын бұзған 468 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысында «Заңсыз-мигрант-арна» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Операцияның мақсаты – Қостанай облысы аумағында заңсыз көші-қонға байланысты құқыққа қарсы әрекеттерді анықтау, жолын кесу.

«Көші-қон қызметінің полицейлері 4 күн ішінде ҚР аумағында болу ережелерін бұзғаны үшін 468 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сот шешімі бойынша 21 шетел азаматы елден шығарылды. ӘҚтК 518-бабы бойынша (шетелдіктерді қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың халықтың көші-қоны саласындағы ҚР заңнамасын бұзуы) 89 ҚР азаматы жазаланды», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту және пайдалану үшін 21 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 136 шетелдікке қатысты елде болу мерзімін қысқарту процедурасы қолданылды, қабылдау-тарату орнына 7 адам жеткізілді. Жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында іздеуде жүрген 33 жастағы қылмыскер ұсталды.


Жоғары қарай