Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Шетелдік инвесторлар қазақстандық кадр дайындау ісіне араласуы тиіс

2019 жылдың 4 шілде 2019 17:41 2447

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шетелдік инвесторлар қазақстандық түлектерді бағалау ісіне араласуы тиіс. Бұл туралы бүгін елордада өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кәсіпорындар, бизнес, жұмыс беруші талаптары мен жоғары білімнің өзара байланысын күшейту қажет. Жоғары білім сапалы дайындықты және соған орай түлектің табысты жұмысқа орналасуын қамтамасыз етуі тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті өткен жылдан бастап еліміздің жоғары оқу орындарына академиялық, басқару, кадрлық және қаржылық мәселелерде дербестік берілгенін, білім саласында арнайы заң қабылданғанын айтты.

«Автономия жоғары оқу орындары дамуы мен тиімділігінің іргелі тетіктеріне айналуы тиіс. Ендігі уақытта жоғары оқу орындары не оқытатынын, қалай оқытатынын өзі шешеді. Білім бағдарламасы жұмыс беруші мен студенттің нақты қажеттілігімен түзіледі. Жыл сайын ЖОО-лардың тәуелсіз рейтингі бізге бұл міндетті кім орындай алғанын, ал кімнің орындай алмағанына қатысты нақты жайтты көрсетіп береді. Шетелдік инвесторлар кеңесі де түлектерді бағалаумен қатар жоғары білім жүйесін жетілдіру, мемлекеттеріміздің жоғары оқу орындарының арасындағы академиялық және ғылыми байланысты жолға қою мәселесіне де өз үлесін қоса алатынына сенімдімін», - деді Мемлекет басшысы.

 

 

Жоғары қарай