Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

Шетелдік әскери академияларға оқуға қалай түсуге болады

2019 жылдың 10 тамыз 2019 12:07 105

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шет мемлекеттердің әскери академияларына, сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің магистратурасы мен докторантурасына түсу үшін әскери қызметшілерді конкурстық іріктеу жалғасуда. Бұл туралы ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық армияның 300 офицері іріктеуден өтеді. Қабылдау комиссиясы кәсіби білімін, моральдық-психологиялық және дене даярлығын бағалайды. Әр кезеңді қорытындылайды. Мысалы, егер үміткер бір кезеңде шекті деңгейге жетпесе, онда ол келесі кезеңге жіберілмейді.





Қабылдау комиссиясы түсіндіріп өткендей, үміткерлердің әскери қызмет өткеруі назарға алынады, офицердің жауынгерлік дайындықтағы жетістіктері, сыныптық біліктілік деңгейі маңызды. Іріктеу қорытындысымен үздік нәтиже көрсеткен әскери қызметші таңдалып, ол Қазақстанның Ұлттық қорғаныс университетінде, сондай-ақ шетелдің әскери академияларында оқитын болады.

«Биыл Қазақстан Қарулы Күштерінен 53 офицер АҚШ-та, Түркияда, Ұлыбританияда, Ресейде, Германияда оқып, әскери академияларды, колледждерді және оқу-жаттығу орталықтарын бітіргенін атап өткен жөн. Негізгі мамандықтар әскер түрлері мен тектерін, әскери бөлімдер мен құрамаларды басқаруға қатысты армиялық, майдандық, әскери-көліктік авиация, байланыс әскерлері, ӘШҚҚ, материалдық-техникалық және тылдық қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік саясат, басқару және халықаралық қатынастар мамандықтары», - делінген хабарламада.




Жоғары қарай