Ауа райы
Нұр-Сұлтан 12 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 379.36
EUR 424.47
RUB 5.88
CNY 54.95

Шенеунік LRT көлік жүйесінің артықшылығы туралы айтты

2019 жылдың 22 қаңтар 2019 15:45 602

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбектің орынбасары Ерлан Әукенов қаладағы LRT - жеңіл рельсті көлік жүйесі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әкім орынбасарының айтуынша, LRT алматылықтар үшін автобустарды, троллейустарды, таксилерді алмастыратын жедел әрі тиімді көлік болмақ.

Бүгінде әлемнің 80 үлкен мегаполисінде LRT желісін енгізу туралы шешім қабылданған. Бұл әмбебап көлік сағатына 4-25 мың жолаушыны тасымалдай алады.

«LRT алматылықтарды қаланың бір шетімен екінші шетіне жылдам жетуге мүмкіндік береді. Оның басты артықшылығы шусыз қозғалысы болып отыр. Алматыда бұрыннан бері қаланың орталығындағы жол кептелісін шешуге бағытталған жобалар жасалып жатыр. Ал LRT маршруттар, автобустар, троллейбустар мен таксилерге жақсы балама бола алады», - деді Ерлан Әукенов өзінің Фейсбуктегі парақшасында.

Оның айтуынша, «LRT Алматы» жобасы мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында 50/50 қағидасымен қаржыландырылмақ.

Байқаудан жеңіп шыққан әріптес жылжымалы құрамды қаржыландыруға қаржы тарту, жобалау, жылжымалы құрамды жеткізу, нысанның құрылысы мен пайдалануға берілуін өз міндетіне алады.

Ал былтыр қарашада байқаудың алғашқы кезеңі өткен болатын. Байқауға әлемнің 6 елінен 9 консрциум үміткерлік білдірді. Өткен аптада байқаудың алғашқы кезеңінің нәтижесі белгілі болды. Келесі кезеңге 4 консорциум өтті.

Екінші кезең наурыздың басына белгіленген.

Айта кету керек, Алматыда LRT желісінің құрылысы 2020 жылы басталады. Жобаның инвестициялық құны 94 203 млн теңгеге (қосымша құн салығын қоса алғанда) бағаланып отыр.

 

 

Автор: Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Қоғам,
Жоғары қарай