Ауа райы
Нұр-Сұлтан 6 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 378.90
EUR 422.74
RUB 5.87
CNY 54.80

Шекарада қазақстандық азамат есірткі оралған түйіншекті жұтып қойған

2019 жылдың 15 қаңтар 2019 10:36 1084

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шекарада ұсталған жігіт есірткі оралған түйіншекті жұтып қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өткен түнде Петропавл шекара отрядына қарасты «Мамлютка-теміржол» өткізу бөлімшесінде, «Қарағанды - Мәскеу» бағытымен жүретін № 83 пойызды шекаралық тексеруден өткізу барысында шекара жасағы 20 жастағы қазақстандықты ұстады. Шекарашы арнайы үйретілген иісшіл иттің меңзеуімен келіп, оның жол сөмкесін тексере бастаған. Жігіт шекарашыны итеріп жіберіп, сөмкеден кішігірім түйіншекті жұлып алып, лезде жұтып жіберген», - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, кейін жігіт жұтып қойғаны 5 граммға жуық марихуана екенін мойындаған.

Ұсталған қазақстандық Павлодар қаласының наркологиялық диспансеріне жеткізілді. Тексеру барысында, дәрігерлер оның бұдан бұрын да канабиоидтар қабылдағанын дәлелдеді.

Қазір тексеру шаралары әрі қарай жалғасуда.

 

 

Жоғары қарай