Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Шекара арқылы қару-жарақ, оқ-дәрі алып өтпек болған үш азамат ұсталды

2019 жылдың 13 сәуір 2019 13:53

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Мемлекеттік шекара арқылы қару-жарақ, оқ-дәрі алып өтпек болған Ресей азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне сілтеме жасап.

«Петропавл» шекара отрядының «Қарақоға-авто» бөлімшесінде бүгін түнде, сағат 2-лер шамасында Ресейден біздің елге қарай келе жатқан 34 жастағы РФ азаматы ұсталды. Шекарашылар оның жекеменшік «Ниссан Патрол» автокөлігін тексерген кезде жүксалғыштан әртүрлі аңшы мылтығына және травматикалық қаруға арналған оқ-дәрілерді тауып алды. Жан-жақты тексеру нәтижесінде автокөлік кабинасында, орындықтың астына жасырылған «ТТ Лидер» маркалы травматикалық тапанша да табылды. Ұсталған азамат айғақ заттарымен бірге Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша полиция бөліміне тапсырылды» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қостанай шекара отрядының «Қайрақ-авто» бөлімшесінде біздің елге келе жатқан Ресей азаматынан, Семейдің «Үбе-авто» бөлімшесінде Ресейге шығып бара жатқан қазақстандықтан да аңшы мылтықтарының оқ-дәрілері табылған. Олар Қарабалық және Шемонайха аудандық полиция бөлімдеріне тапсырылды.

Жоғары қарай