Ауа райы
Нұр-Сұлтан 15 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Шаймардан Нұрымов: Президентті сайлау - халық тағдырын айқындайтын маңызды іс

2019 жылдың 9 сәуір 2019 21:17 677

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президентін кезектен тыс сайлауды өткізу туралы шешім - өз уақытында қабылданған тарихи шешім. ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты, «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шаймардан Нұрымов  осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәжіліс депутатының айтуынша, ел тарихында мемлекет басшысын сайлау, оны әділ де ашық өткізу қоғам дамуының қалыпты жағдайда жалғасын табуына арқау болатыны баршаға белгілі. Елімізде тұрақтылық пен келісімнің үндестік табуы да, экономикамыздың өрлеуі де, Қазақстанның гүлденіп әлемге танымал елге айналуы да Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүргізген салиқалы да салмақты саясатының жемісі болды. Міне, осы үрдіс өз деңгейінде жалғасын табу үшін биылғы жылы Президент сайлауын жоғары деңгейде өткізуге әрбір азамат атсалысуы қажет.

«Президентті анықтап, билік тізгінін ұстату - жауапкершілігі зор, халық тағдырын айқындайтын өте маңызды іс», - дейді Шаймардан Нұрымов.

Сондай-ақ, Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы әлемде болып жатқан өзгерістер, күнде мың құбылған геосаяси жағдайлар біздің еліміздің тұрғындарынан бір жеңнен қол шығарып, бір жағадан бас шығарып, бір үйдің балаларындай ұйымшылдықпен алға қарай бірге қозғалуын, қимылдауын талап ететінін айтты.

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа үндеуінде: «Еліміздің келешегі, әр отбасы мен әр азаматтың тағдыры Сіздердің шешімдеріңізге тікелей байланысты», - деп  халқына, яғни сіз бен бізге толық сенім мен міндет артты. Ауызбіршілігі мығым елдің ала алмайтын асуы, аса алмайтын белі болмайтыны әрбіріміз білетін өмір қағидасы. Соны басшылыққа алып, бір-бірімізбен қол ұстасып, бір ұранды, бір бағытты ұстанып кемел келешекке бірге аттанайық, ағайын!» - деді ол сөз соңында. 

 

Фото: assembly.kz

Жоғары қарай