Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 389.86
EUR 435.32
RUB 6.12
CNY 55.12

Шайбалы хоккейден 2020 жылғы әлем чемпионатына қатысатын барлық командалар анықталды

2019 жылдың 22 мамыр 2019 02:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Хоккейден 2020 жылы элиталы дивизионда өтетін әлем чемпионатына қатысушы командалар толығымен анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бүгінде Словакияда өтіп жатқан шайбалы хоккейден әлем чемпионатында элиталы топқа түскен соңғы командалар анықталды. Келесі жылғы әлемдік сынды қабылдаушы мемлекет Швейцария турнирге автоматты түрде қатысады.

Қазақстан құрамасы өз жерімізде өткен бірінші дивизион, А тобындағы әлем чемпионатында элиталы дивизионға жолдама алды.

2019 жылғы әлем чемпионатындағы бірінші раунд қорытындысы бойынша Ұлыбритания, Германия, Дания, Италия, Канада, Латвия, Норвегия, Ресей, АҚШ, Финляндия, Чехия және Швеция келесі жылғы додаға қатысу мүмкіндігін

2020 жылғы әлем чемпионаты 8-24 мамыр аралығында Швейцарияның Цюрих және Лозанна қалаларында өтеді.

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай