Ауа райы
Нұр-Сұлтан 14 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 378.65
EUR 430.07
RUB 6.00
CNY 55.10

Шавкат Мирзиёевпен барлық мәселеде көзқарасымыз ортақ - Қасым-Жомарт Тоқаев

2019 жылдың 14 сәуір 2019 14:22 699

ТАШКЕНТ. ӨзА-ҚазАқпарат - Өзбекстанның «ӨзА» ұлттық ақпарат агенттігіне сұхбат берген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзбек басшысы Шавкат Мирзиёевпен барлық мәселеде көзқарасы ортақ екенін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шавкат Миромонұлы - Қазақстан Президенті лауазымына кіріскен кезімде бірінші болып құттықтаған Мемлекет басшыларының бірі. Жылы сөздері үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Өзбек көшбасшысының Елбасымыздың атына айтылған ізгі тілегі де - біздің елге деген шексіз құрметінің дәлелі деп санаймын. Президент Шавкат Мирзиёев Өзбекстанда ауқымды өзгерістерді жүзеге асыру және елдеріңізді заманауи, халықаралық аренада бәсекеге қабілетті мемлекетке айналдыруда тарихи миссияны өз мойнына алып отыр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

ҚР Президенті Шавкат Миромонұлының мемлекеттік басқару жүйесін біртіндеп жетілдіру, экономика мен қаржы секторын ырықтандыру,  өзбек халқы өмірінің барлық саласын жаңғырту бағытынан бұлжымауы нағыз қызығушылық пен шынайы құрмет туғызатынын баса айтты.

«Шавкат Миромонұлы өзінің бүкіл күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге арнайтындығына кездесу барысында көз жеткіздім. 2017 жылы Қазақстан Парламенті Сенатының делегациясын басқарып, Ташкентке сапармен келгенімде айтарлықтай толыққанды әңгімелесу болды.  Жеке өз басым Өзбекстан басшысының елді дамытудың барлық негізгі бағыттарындағы стратегиялық тәсілдерін, өңірдегі және әлемдегі ахуалды терең түсіне білуін қадір тұтамын. Онымен екіжақты дамудың барлық мәселелерінде көзқарасымыз ортақ. Бұл өте маңызды. Біздің арамызда орын алған сенімді әрі тұрақты байланыстар бауырлас қазақ-өзбек қарым-қатынасын одан ары тереңдете түсетініне сенімім мол», - деді Мемлекет басшысы. 

 

 

Жоғары қарай