Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Шара қабылдамасақ ластаушы заттардың эмиссиясы тағы бір тоннаға өседі - министр

2019 жылдың 24 желтоқсан 2019 09:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев тиісті шара қабылданбаса, 2030 жылы болжам бойынша ластаушы заттардың эмиссиясы 3,6 млн тоннаға дейін өсетінін айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018 жылдың қорытындысы бойынша атмосфераға ластаушы заттардың қалдықтары 2,5 млн тоннаны, ал жыл сайынғы өсімі 100 мың тоннаны құрап отыр. Оның ішінде электр энергетикасына (көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станциялары) 940 мың тонна, тау-кен металлургия секторына – 760 мың тонна, мұнай өндіруге – 520 мың тонна, көлік пен ауыл шаруашылығына – 320 мың тонна тиесілі. Өңірлердегі қалдықтардың негізгі үлесі Қарағанды және Павлодар облыстарында - шамамен 56 пайызды құрайды. Егер тиісті шара қабылданбаса 2030 жылы болжам бойынша ластаушы заттардың эмиссиясы 3,6 млн. тоннаға дейін өседі», - деді министр Үкімет отырысында.

Министр осы тақырыпты жалғастыра отырып, парниктік газдардың шығарындыларына тоқталды.

«Париж келісімі бойынша Қазақстан парниктік газдар шығарындыларын 2030 жылға қарай 1990 жылмен салыстырғанда 15 пайызға төмендетуге міндеттеме алған. Алайда бүгінгі күні еліміздегі парниктік газдардың шығарындылары бұл деңгейден жоғары. Бұл ретте, экономикалық өсімді ескере отырып, парниктік газдар шығарындыларының өсетінін болжауға болады. Парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша қажетті шаралар қабылдау үшін министрлік герман тарабының қолдауымен 2050 жылға дейінгі төменкөміртекті даму стратегиясын әзірлеуге кірісті», - деді ол.

Жоғары қарай