Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Шам еліндегі соғыс Омарды тұл жетім етті

2019 жылдың 1 қазан 2019 20:02

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- ДАИШ секілді халықаралық террорлық ұйым халифат құрамыз деп еліртіп, жихат деп жар салып талай адамды жарға жықты. Жүздеген қазақ отбасы қара жамылды. Қаншама ана із-түссіз кеткен перзентінің жолын тосып жүр. Қолда бар дерекке сүйенсек, Сирия жерінде әлі 380-нен астам ересек, 500 дей қазақ баласы жүр.

Бала демекші ең сорақсы бұл соғыстан ең көп зардап шеккен сол бейкүнә балалар. Өйткені олар қайда не үшін бара жатқанын білгенде, сезгенде жоқ.Тек адасып жүрген ата-анасына еріп, қан майданға тап болды. Сол соғыстың ортасында дүниеге келіп, бейбіт, бейқам өмірдің не екенін мүлдем білмейтін бүлдіршіндер бар. Көрген қиындығы аздай Сириядан тұл жетім боп келгендер де аз емес. Омар солардың бірі. Шам елінде ата-анасынан айырылды.

Есік қаласының тұрғыны 12 жасар Омар Сирияда ата-анасынан мәңгі көз жазып қалды. Әке-шешесімен бірге елден кеткенде небәрі 5 жаста болған. Бала болса, қайда тұрып, қайда барғаны, қандай қиындық көргені есінде қалыпты. Айтуынша, Сирияға Түркия арқылы өткен. Алдымен Шаадат кейін Ракка қаласында тұрған.

«Ол жақта соғыс қатты жүрді әрең аман қалдық. Біз бір шағын ауылға барып бас сауғаладық. Кейін сол Раккада қалып қойғандардың бәрі өліп қалды деп естідік. 151 ракета жіберді бәрі қырылды деп айтты. Мыңдаған адам өлді. Ал біз кетіп қалдық. Қорықтық. Алдымызда не күтіп тұр білмедік. Бұдан кейін, Абухамам қаласына бардық онда жеті ай тұрып, сосын Хаджинге келдік онда екі ай жүріп, сосын Кишма қаласында тұрдық.Ол жерде өте қиын болды. Тамақ мүлдем жоқ, адамдар шөп жеді. Мен де жедім. Бомбылар көп түсті. Мен анаммен көшеде келе жатқанда снаряд түсіп анашым сол жерде көз алдымда жарылып, мерт болды. Мен жарақат алдым. Мына бетімдегі тыртық содан қалды»-деп Омар көз жасына ерік берді.

Омар әкесінен кішірек кезінде айрылыпты. Анасы қайтыс болғанан кейін айдалада жалғыз қалған. Біраз жыл жалғыз өзі күнелткен. Тек елге қайту үшін күрттердің лагеріне келер кезде бір қазақ әйелі қамқорлығына алыпты.

«Жалғыздық деген жаман екен. Ата-анамды ешқан көрмейтінімді білсем де қатты сағындым. Қорықтым, жыладым. Өлгім келді. Жүрегім қанжылады. Сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Қайтіп аман қалғанымды білмеймін. Тамақ жоқ болғаннан кейін шөп, шөптің тамырын жедім. Жататын жерде жоқ. Ешкім үйіне кіргізбейді. Далада қонып жүрдім. Акоптар қауіпті емес мина түссе аман қаламын ғой деп сондай шұңқырларда ұйықтап жүрдім. Кейде өлген адамдардың қасында түнейтінмін. Бір күні мені қазақ апай тауып алды. Сол кісінің қасында біраз тұрдым. Сосын Қазақстанға қайтарып жатыр деген сөзді естідік. Бірден сол лагерге жетуге ұмтылдық. Ол кезде де жол бойында неше түрлі қиындықтарға жолықтық»,- дейді Омар

Сұм соғыс баланың балалығын ұрлағандай. Қақтығыста, қаза болған адамдардың санын айтып үлкендерше сөйлейді. Қиындық қатайтады деседі. Ал, Сириядағы тіршілік оларды қатайтып қана қоймай жүректегі сезімін де сөндіргендей. Жақындарының өлімі, жарылыс, соғыс туралы айтқанда Омардың жүзінен де, көздерінен де салқындық сезілді. Қалай десекте бейкүнә баланың еш жазығы жоқ.Үлкендердің кінәсі...Қазір Омармен психолог маман жұмыс істеп жатыр.

«Сириядан оралған балалардың бойынан қатыгездікті байқауға болады. Соғыс олардың психологиясына әсер еткен. Омарда да солай. Қазір жағдайы жақсарып қалды. Бастапқыдай емес. Балалартек ақты ақ, қараны қара деп қарайды. Биополярные мышление дейді ғой сондай қалыптасқан. Постравматикалық синдром дейді. Кез келген артық дыбыстан селк етеді немесе бұрышқа тығылады. Қаупсіз жерге жүгіріп барып тығылады. Адамға бірден сенімділік танытпайды. Оларды оңалту оңай шаруа емес. Ол ұзақ уақытты талап ететін процесс. Омарғ,а келетін болсақ өте ақылды бала, тез оңалуға әрекет жасап жатыр»,- дейді психолог Айбек Қылышбек.

Омар орналасқан карантин орталығында мамандар балалармен 2-3 ай үздіксіз жұмыс істейді. Оларға сөйлеуді жазуды, оқуды, тіпті дастарханға отырып қасық ұстап тамақ ішуге дейін үйретеді.

«Маған кішкене қиындау өйткені мен қазақ тілін білмеймін Сирияда ешкім қазақша сөйлеспейді.Ақырындап үйреніп жатырмын. Оқып жүрмін. Болашақта қазақ тілін жетік меңгеремін деп үміттенімін. Сабақ оқыған ұнайды»- деп әңгімесін қортындылады Омар.

Қазір Омар туған-туыстарының қамқорлығында. Олардың махабатына бөленіп жатыр. Алдағы уақытта еліне қызмет еткісі келеді.

Біз Сириядан оралған Омардың басынан өткен қиындықтарды жариялап отырмыз. Омар сияқты қаншама қазақ баласы бар. Айтпақшы кейіпкеріміздің есімі өзгертілген.Бұл кішкентай баланың тағдыры ешкімді бейжай қалдырмайды деген үміттеміз. Осы оқиға жат ағымның жетегінде кеткен үлкендерге сабақ болуы керек деп ойлаймыз.

Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Сирия, Дін, Алматы,
Жоғары қарай