Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Шалқар жол дистанциясының басшысы 36 млн теңге айыппұл төлейді

2019 жылдың 22 қараша 2019 10:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пара алғанАқтөбе облысы Шалқар жол дистанциясының басшысы пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«ҚТЖ» АҚ филиалы Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің Шалқар жол дистанциясының басшысы А.К.Каракушиковке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Ол азаматтан баласын жұмысқа орналастырғаны үшін 1 млн 200 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген. Жақында өткен сот шешімімен ол айыпты болып танылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды. Және 36 млн теңге айыппұл төлеу жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, Шалқар жол дистанциясының басшысы жұмысқа тұрғызу үшін 1,2 млн теңге пара алғаны туралы бұған дейін жазған болатынбыз.

Жоғары қарай