Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Шалғай ауылдардағы 67 мың адам білікті дәрігерлердің тексеруінен өтті

2020 жылдың 17 қаңтар 2020 02:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордада «Медициналық пойыздар» жобасының үздік дәрігерлері марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты кеште сөз алған ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ұйымдастырушыларға халықтық медициналық көмекті дамытуға қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. Үздік дәрігерлер алғыс хаттармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

«Медициналық пойыз заманауи диагностикалық жабдықтармен: зертханамен, рентгенмен, флюорографиямен, ЭКГ, УДЗ, ФГДС, УДДГ бар. Шалғай аймақтардың ауыл тұрғындары заманауи медициналық жабдықтардың кең спектрін қолдана отырып, білікті мамандардың мультитәртіптік командасынан тегін тексеруден өтті», - деді министр.

Айта кету керек, медициналық пойыз ішіндегі мамандар 67 мың 540 тұрғында тексерді, оның 11 мың 256-сы бала. Сондай-ақ 41 мың 941 диагностикалық емшара, 4 мың 119 шағын хирургиялық операция жасалды, 10 мың 667 әйел маммологиялық тексеруден өтті, 19 мың 068 тұрғынға стоматологиялық көмек көрсетілді.


Жоғары қарай