Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

Шахтинскіде 12 жасар бала бетон қоршаудың астында қалып мерт болды

2019 жылдың 20 маусым 2019 22:41 853

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Шахтинск қаласында 12 жасар бала бетон қоршаудың астында қалып қойып, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға иесіз қалған құрылыс аумағында болды. Ойнап жүрген үш баланың бірінің үстіне бетонды биік қоршау құлап кеткен. Салдарынан 2007 жылы туған ер бала оқиға орнында ажал құшты.

Қазіргі таңда құзырлы органдар оқиға себептерін анықтауда.

«Аталмыш дерек тіркеуге алынды. Оқиға орнында тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп мәлім етті Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. 

 

 

Жоғары қарай