Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Серік Сүлейменов Атомдық және энергетикалық қадағалау комитетінің төрағасы болып тағайындалды

2019 жылдың 1 сәуір 2019 18:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев ведомство ұжымына ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Серік Жүсіпұлы Сүлейменов 1966 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

1990 жылы С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Математик» мамандығы бойынша үздік бітірді, 1997 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша сырттай бітірді.

Еңбек жолын 1992 жылы «Казкоммерцбанк» АҚ-да бастады, заң қызметінің бастығы болып жұмыс істеді.

1997-2003 жылдары «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Бас директоры, «Темірбанк»АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

2003 жылдан 2013 жылға дейін энергетика саласында жұмыс істеді, «Қазақстандық Коммунальдық жүйелер» АҚ президенті, «Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы, «Қызылорда электртораптық бөлу компаниясы»АҚ Басқарма төрағасы лауазымында жұмыс істеді.




null

Мемлекеттік органдарда жұмыс тәжірибесі бар, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде сарапшы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бас инспекторы лауазымында жұмыс істеген.

2015 жылдан бастап Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

«Құрмет» орденімен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының медальдарымен марапатталған.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі №191-ж бұйрығымен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Жоғары қарай