Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Серік Сәпиев елорда мұрағатына жеке наградаларын табыстады

2019 жылдың 28 маусым 2019 16:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Олимпиада чемпионы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев өз марапаттарын елорда мұрағатына тапсырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Грамоталарым мен марапаттарымды сенімдірек сақтау үшін мұрағатқа берсем деген шешім қабылдадым. Нұр-Сұлтан қаласының мұрағатына тоқсаныншы жылдардағы жетістіктерім мен өзге де табыстарыма дәлел болатын дүниелерді өткізіп отырмын. Коллекция қатары әлі де толыға түседі деп ойлаймын», - дейді Серік Сәпиев.

Айта кету керек, Лондон Олимпиадасының чемпионы - Қазақстандағы өз марапаттарын мұрағатқа өткізген алғашқы спортшылардың бірі. Мұрағатқа өткен дүниелердің ішінде Серік Сәпиев туралы жазылған мақалалар да бар.



«Мараптаттарымның үйде шаң басып жатқанын қаламадым. Оның үстіне, үйде оны өзім ғана көре аламын. Ал мұнда бүкіл ел тамашалай алады», - деді ол.

Спортшының бұл қадамына орай мұрағат қызметкерлері көрме ұйымдастырып, чемпион Сәпиевтің қалыптасу жолын баяндайтын деректер ұсынды. Тұсаукесерге келген жастар Олимпиада чемпионынан қолтаңба алды.







Жоғары қарай