Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 399.67
EUR 452.95
RUB 5.82
CNY 56.36

Сергей Громов қырғыз тарапымен еліміздің оңтүстік өңіріне су беру мәселесін талқылады

2020 жылдың 31 наурыз 2020 08:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов Қырғызстанға жұмыс сапарымен барды,деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сапар барысында вице-министр Қырғызстан үкіметінің басшысы Мухаметкалы Абулгазиевпен Жамбыл жəне Түркістан облысы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді сумен қамтамасыз ету мəселесін талқылады. Бұл туралы министрліктің Facebook -парақшасынан мәлім болды.

«Әңгіме барысында вице-министр Қазақстан мен Қырғызстанның арасындағы Токтогул су қоймасының толуын жақсартуға арналған электр энергиясын алмасу кестесінің орындалмауы мəселесін көтерді. Осыған байланысты ол өткен жылдар тəжірибесі бойынша жаңа кесте жасауды ұсынды. Бұдан басқа, С.Громов кездесуде Шу өзеніндегі су шаруашылығы ахуалын сөз етті.

2019 жылғы вегетациялық кезеңде Шу өзенінде қазақстандық тарап белгіленген көлемнің 64%-ін ғана алған. Біздің аймақтық су шаруашылығы ұйымдарына 2020 жылғы вегетациялық кезеңде Шу мен Талас өзендеріндегі мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы нысандарынан су беру кестесін əзірлеп, келісуді тапсыруды ұсынамын», - деді вице-министр кездесу барысында.

Тараптар сондай-ақ Шу өзенінде орналасқан мемлекетаралық пайдаланудағы нысандарды жөндеу жұмыстарын орындау мəселесін келісті.


Жоғары қарай