Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 367.06
EUR 416.17
RUB 5.56
CNY 52.84

Сенбіде ауа райы қандай болады

2018 жылдың 18 тамыз 2018 09:08 658

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 18 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағында найзағаймен бірге жаңбыр жауады, екпінді жел күтіледі, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін.

Республиканың солтүстік-батысы мен шығысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Қазақстанның батысында, оңтүстігінде және шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жел күшейіп, кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай облысының  кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, күндіз жекелеген аудандарда жел соғады.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Павлодар және Қарағанды облыстарында жел 15-22 м/с күшейеді. Алматы облысында қатты ыстық болады деп күтілуде.

Қызылорда, Түркістан, кей жерлерде Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында жоғары  өрт қауіпі сақталады.

 

 

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай