Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Сенбі күнгі ауа райы болжамы

2019 жылдың 19 қазан 2019 03:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты 19 қазан күні солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және республиканың шығысында құбылмалы күн райы күтіледі. Кей жерлерде жауын жауады, шығыста жауын-шашын қатты болады. Тек батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста сенбі жауын-шашынсыз өтеді. Сондай-ақ республиканың жекелеген өңірлерінде екпінді жел, көктайғақ, тұман болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола, Костанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының кей жерлерін тұман басады, желдің екпіні 15-20 м/с артады. Түнде жане таңертең көктайғақ болады.

Жамбыл, Атырау, Шығыс Казақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.

Қарағанды облысында түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

Түнде Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында 1-3 градус үсік жүреді.

Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай