Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 399.67
EUR 452.95
RUB 5.82
CNY 56.36

Сенатта өңірлердің күндерін өткізу басталады

2020 жылдың 23 қаңтар 2020 10:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенатта өңірлердің күндерін өткізіледі. Бұл туралы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылы 80-ге жуық іс-шара өткізуді жоспарлап отырмыз. Алғашқы рет Сенатта өңірлердің күндерін өткіземіз, кесте бар және жоспар бекітілді. Мәслихаттар, аймақтармен өзара байланыс орнатуға бағытталған бұл шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұратын болады», - деді Д. Назарбаева Сенаттың жалпы отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, бұдан өзге «Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіп жағдайы», «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту», «Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту» тақырыптарындағы парламенттік тыңдаулар өткізуге дайындық жұмыстары басталды

«Қазіргі таңда Сенатта Сенаторлар кеңесі, Бюджет заңнамасын жетілдіру жөніндегі кеңес, Заң шығару процесін жетілдіру жөніндегі кеңес, Жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестер бар. Жақында парламенттік тыңдауға дайындық аясында ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен бірқатар жұмыс кездесулерін өткіздім. Енді осы саланың проблемаларын кәсіби түрде кеңінен талқылау үшін Сенат жанынан Агроөнеркәсіп кешені жөніндегі кеңес құру жоспарда бар», - деді Д. Назарбаева.

Сонымен қатар, желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанынан алғашқы рет Жастар Кеңесін құрылды. Ол консультативтік-кеңесші орган болып отыр және жастар саясаты саласында заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды қарайды.


Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Сенат, Аймақ,
Жоғары қарай