Ауа райы
Нұр-Сұлтан 18 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Сенаторлар Кәрім Мәсімовті ҰҚК төрағасы қызметіне тағайындауға келісім берді

2019 жылдың 12 маусым 2019 18:55 918

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 12 маусымда Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Парламент Сенатының отырысы болды, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Онда депутаттар Қазақстан Республикасының Президентіне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы етіп Кәрім Мәсімовті тағайындауына келісім берді.

ҰҚК Төрағасын қызметке тағайындауға келісім беру Сенаттың ерекше қарауына жатады.

Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед «К.Мәсімов барлық жұмыс аумақтарында өзін принципті, жоғары білікті мемлекеттік қайраткер, өз ісіне және Отан алдындағы борышына адалдығын көрсетіп келеді», - деп атап өтті.

Депутаттар бұл ұсынысқа бірауыздан дауыс берді.

 

 

 

 



null 

null 

 

 

Жоғары қарай