Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 378.17
EUR 429.11
RUB 5.88
CNY 56.48

Сенатор: Жас әртістердің жалақысы тым төмен

2019 жылдың 21 ақпан 2019 14:53 1087

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының депутаттары театрдағы жас әртістердің әлеуметтік жағдайын көтеруге байланысты Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мәдениет саласының, соның ішінде театр өкілдерімен кездесу барысында үнемі көтеріліп жүрген бірқатар мәселелерге тоқталғымыз келіп отыр. Олардың бірі еңбекақыға қатысты. Мәдениет және спорт министрлігінің ақпаратына сәйкес, театрда қызмет етіп жүрген жас әртістердің шығармашылық құрамы үшін орта лауазымдық еңбекақысы 59-76 мың теңге аралығында. Ал техникалық құрам үшін 43-49 мың теңге шамасында. Бұл сома қосымша төлемақыны қоса есептегенде шығып отыр, олардың қолдарына тиетін еңбекақы одан да төмен», - деді сенатор Нариман Төреғалиев Сенаттың жалпы отырысында.

Осы орайда ол  Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы шілдедегі № 209 бұйрығына сәйкес, әртістер театрда 3 жыл қызмет атқарған соң, ең төменгі категорияны алуға құқығы бар екенін еске салды. Ал жоғары категория алу үшін жас мамандар  бірнеше жылдар еңбек ету керек, осы уақыттар  ішінде олар жас мамандар қатарынан шығып қалуда.

«Тағы бір жағдай баспана мәселесі. Республика бойынша 1 538 жас әртістеріміздің 3,7 пайызы қызметтік пәтермен, 9,7 пайызы жатақханалармен қамтылған, ал 33,8 пайызы ата-аналарымен бірге, қалған 42,5 пайызы пәтерді  жалға алуға мәжбүр.  «7-20-25» және «Нұрлы жер» бағдарламаларына қатысу үшін несиені төлеуге мүмкіндік беретін жеткілікті және тұрақты табысының болмауы, тұрғын үй бағдарламаларына қатысуға мүмкіндіктерінің жоқтығы, тұрғын үйді жалға алу мүмкіндіктерінің қарастырылмағаны кедергі болуда. Аталған жағдайлар,  өз кезегінде театрдағы жас мамандарды ешқандай ынталандырмайтыны анық, керісінше жас мамандардың басқа салаларға кетуі байқалуда», - деді сенатор.

 

 

 

Автор: Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Сенат, Мәдениет,
Жоғары қарай