Ауа райы
Нұр-Сұлтан 15 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Сенатор Атыраудағы балықтардың қырылуына қатысты: Мұнай компанияларын тексеру керек

2019 жылдың 12 сәуір 2019 22:41 739

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудағы балықтардың қырылуына байланысты оқиғаны тексеру барысында мұнай компанияларын тексеру қажет деген ұсыныс жасалды.  Бүгін министрліктер мен үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен өткен мәжілісте осындай пікір айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Меніңше өңірдегі мұнай-газ кешенін толықтай қарау керек. Нақтырақ айтқанда барлық мұнай компанияларын соның ішінде Атырау мұнай өңдеу зауытын да тексеру керек. Жұмыс істемей тұрған мұнай ұңғымаларын да қарап көрген жөн. Олардың  кейбіреулері бұрыннан-ақ мұнай жіберіп тұрған болуы мүмкін»,-деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов.

Бұл ұсынысты мәжіліске қатысушылардың барлығы қолдады.    

 

 

 

 

 

Перевод: Айдар Оспаналиев
Басты сөздер: Парламент, Экология,
Жоғары қарай