Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 379.59
EUR 429.43
RUB 5.91
CNY 56.58

Семсерлесуші Алексанин Азиададағы жеңісін Денис Теннің рухына арнады

2018 жылдың 19 тамыз 2018 20:05 328

ЖАКАРТА. ҚазАқпарат - Қазақстандық семсерлесуші Дмитрий Алексанин Азия ойындарындағы жеңісін Денис Тенге арнайтынын айтты. Ақтық сында Олимпиада чемпионынан шеберлігін асырған спортшы Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, өз қуанышымен бөліскен. 

«Қазіргі қуанышымды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Осы жеңіске жету үшін бар күшін салған бапкерлеріме де алғысым шексіз. Шыны керек,  екі кореялық спортшымен жолым түйісетінін білдім. Сондықтан оларға қарсы дайындала бастадым. Әрине, финал оңай болған жоқ. Бірақ қарсыласымның осал тұстарын пайдалана білдім. Соңғы бір жыл бойы Азия ойындарына дайындалған едім, еңбегім зая кетпеді», - дейді Алексанин.

Ол өз жеңісін Денис Теннің рухына арнайтынын да жеткізді.

«Жеңісімді сөз жоқ, Қазақстан халқына және жақында ғана қайғылы қазаға ұшыраған Денис Теннің рухына арнаймын. Бұл мен үшін орны толмас қаза... Ал бүгінгі жеңіс жанкүйерлер мен жастардың біздің спортқа деген қызығушылығын арттырады деп сенемін. Алға, Қазақстан!», - деді Азия ойындарының чемпионы атанған Дмитрий Алексанин.

 

 

 

Басты сөздер: Спорт, Азиада,
Жоғары қарай