Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Семейлік әйел 2 млн теңгеге грант сатпақ болған

2019 жылдың 9 тамыз 2019 17:16 122

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Семейлік әйел медициналық университет грантын 2 млн теңгеге «сатқан», деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметі бойынша, 6 тамыз күні Семейдегі Әуезов полиция бөліміне 54 жастағы ер адам арыз түсірген.

«Шілденің басында семейлік әйел 54 жастағы ер адамнан қызын медициналық университетке тегін оқуға түсіретінін айтып, 2 млн теңге алдап алады. Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 38 жастағы әйел ұсталды. Күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабының 1 тармағы бойынша сотқа дейінгі тегеу жүріп жатыр», - делінген департаменттің дерегінде.

Жоғары қарай