Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Семейдегі университет жатақханасында өрт шықты

2020 жылдың 21 ақпан 2020 18:02

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласындағы жоғары оқу орны жатақханаларының бірінде өрт шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық ТЖБ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға бүгін сағат 13.00 шамасында Физкультурная көшесінде болған. Өрт жатақхананың 6-қабатында шыққан.

Жиһаз бен төсек-орынды шарпыған қызыл жалынның жалпы аумағы 10 шаршы метрді құрады.

Ғимараттағы 80 адам өрт тұтана салысымен сыртқа шыққан. Адамдарды эвакуациялауға көмектесіп жүріп, ащы газ иісін көп жұтып қойған 1972 жылғы күзетші уланып, ауруханаға жеткізілді.

«Тілсіз жауды ауыздықтауға 30 өрт сөндіруші мен 6 автоцистерна жұмылдырылған. Жалын сағат 13.31-де толықтай өшірілді. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына отты абайсыз пайдалану немесе электр жабдықтарының апаттық жағдайда болуы себеп болуы мүмкін», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Жоғары қарай