Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Семейдегі әскери бөлімнен 9 млн теңгенің азық-түлігін ұрлаған сержант сотталды

2020 жылдың 26 ақпан 2020 07:52

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Семей гарнизонының әскери сотында 9 млн теңгенің азық-түлігін ұрлаған сержанттың ісі қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сот барысында анықталғандай, әскери бөлімнің азық-түлік қызмет қоймасының бастығы 2018 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың мамырына дейінгі аралықтағы 3 900 азық-түлік жиынтығын жымқырған. Оны «есептен шығарылды» деп әріптестеріне сатқан,

«Осылайша қоймадан 8 951 022 теңгенің өнімі қолды болған. Сот барысында тараптар процессуалды келісімге келді. Әскери қызметші ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танылып 3 жыл 6 айға бас бостандығы шектелді. Сондай-ақ ол «сержант» әскери шенінен айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Жоғары қарай