Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Семейде жетім балалар мен көпбалалы отбасыларға пəтер беріледі

2019 жылдың 20 наурыз 2019 13:03

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде жаңадан бой көтерген Қарағайлы шағын ауданында 6 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Семей қаласының ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Қала әкімінің орынбасары Николай Ушаковтың сөзінше, биыл аталмыш ауданда тағы 6 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Олардың ішінде жалға берілетін 136 пәтерлі екі тұрғын үй бар.

«Бұл үйлер халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған. Жаңа баспаналардың 20%-ы жетім балаларға беріліп, қалған пәтерлер мүгедектер мен көпбалалы отбасылар арасында бөлінеді»,-деді Н. Ушаков.

Жалға берілетін тұрғынүй жекешелендіру құқығынсыз беріледі. Жаңа үйдің тұрғындары ай сайын аз көлемдегі жалдау ақысын төлейтін болады. Пәтерлер кезек бойынша берілмек. Қазіргі уақытта үйге терезелерді орнату жұмыстары жүргізілуде. Көпқабатты үйлерді осы жылдың күз айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағайлы жаңа шағын ауданы қарағай борының жанында орналасқан. Шағын ауданда соңғы талаптарға сай тұрғынүйлер мен спорттық нысандар салынып жатыр. Оның ішінде 5 500 орындық «Абай Арена» мәдени-спорттық кешені бар. Мамыр айында шағын ауданда мұз сарайының құрылысы басталады.

Жоғары қарай