Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Семейде өрттен көз жұмған балалардың ата-анасымен психологтар жұмыс істеуде

2019 жылдың 2 сәуір 2019 16:46

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат- Семейде ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Әсем Нүсіпова, Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов және төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Қанат Әбділовтың қатысуымен 1 сәуір күнгі өрт бойынша брифинг өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат Семей ақпарат орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 1 сәуір күні сағат 14:19-да Суықбастау кенті, Цветочная, 3 мекенжайындағы №1 пәтерден өрт шығып, 4 жəне 7 жастағы екі бала ажал құшқан болатын. ТЖБ жедел бригадалары сағат 14:29-да шақырту орнына келіп, 2 қабатты тұрғын үйдің №1 пәтерінде 5 шаршы метр көлемінде жиһаз жанғанын анықтады. Өрт сөндіру барысында 2012 жылы туған Эдуард Темерканов пен 2015 жылы туған Александр Темеркановтың денесі табылды. Балалар жедел жәрдем келгенге дейін көк түтінге уланып, қаза тапқан.




null Қала әкімі Ермак Сәлімов бірден қайғылы оқиға орнына шығып, жағдаймен жеке танысты. Қазіргі уақытта отты абайсыз қолдану, балалардың отпен ойнауы немесе өртеу нұсқасы қарастырылуда. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.


null

Оқиға орын алған уақытта балалардың 28 жастағы анасы Анастасия Темерканова үйде болмаған. Жүкті əйел балаларды үйде қалдырып, дәрігердің қабылдауына кеткен. Ал əкесі Виктор Темерканов Нұр-Сұлтан қаласында құрылысшы болып жұмыс істейтіндіктен өрт уақытында Семейде болмаған.


null


null

«Полиция органдарының ақпараты бойынша, соңғы жарты жыл ішінде осы мекенжайда 17.11.2018 және 23.02.19 күндері екі мәрте тексеріс болған. Өкінішке қарай, соңғы тексеру кезінде үй иелері полиция мен өрт сөндірушілерге есік ашпаған»,- делінген ақпарат орталығы таратқан хабарламада.


null

Қазіргі уақытта қайғы құшағындағы отбасымен психологтар жұмыс істеп жатыр. Қала әкімдігі балаларды жерлеу бойынша барлық қажетті шараларды ұйымдастырады.


null

Жоғары қарай