Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Семейде «OPEN AIR-2019» жастар фестивалі өтті

2019 жылдың 8 шілде 2019 23:10

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне және Ұлттық Домбыра күні аясында сондай-ақ, Жастар жылына орай «OPEN AIR-2019» жастар фестивалі өтті, лдеп хабарлайды ҚазАқпарат Семей ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Шара бірнеше бағытты қамтыды. Қатысушылар Ертістің оң жағалауынан 750 метр қашықтықта 200 кг шашылған түрлі-түсті бояулар шеруінде жүгіріп өтті. Сонымен қатар, Домбыра Party, Асық Party, Urban Dance, Water party, Street Workoutт алаңдары ұйымдастырылып, мерекелік концерт жүргізілді.

«Бүгін қаламызда «ШҚО Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекетік тапсырысымен және «Шығыс Жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жастар фестивалі өтуде. Фестиваль аясында Яркокросс, Домбыра Party, Асық Party Urban Dance, Water party алаңадарымен қатар, танымал жұлдыздардың қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама қойылып жатыр. Сонымен қатар, қатысушыларға 1000-астам тегін балмұздақ пен 1500-жуық сусын таратылды», - дейді «Шығыс Жастары» қоғамдық қорының атқарушы директоры Айдос Төлеуханов.




null

Шара барысында фестивальге қатысушыларға арнайы нөмірлер беріліп, сол нөмірлер арқылы ұтыс ойындары ойнатылды.




null

«Біз Ұлттық домбыра күнін екінші мәрте тойлап отырмыз. Фестиваль аясында Домбыра party ұйымдастырылып, Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищенің студенттері өз өнерін көрсетті. Халқымыздың үні - Домбыра күні құтты болсын», - дейді домбырашы Айжан Салиева.




null

Айта кетейік, фестивальге жалпы жиыны 2000-ға жуық қала тұрғыны қатысты.




null


null


null

Жоғары қарай