Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 378.56
EUR 424.44
RUB 5.91
CNY 56.36

Семейде ірі көлемде ақша жымқырған мектеп бухгалтері сотталды

2019 жылдың 26 наурыз 2019 14:37 465

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде ірі көлемде ақша жымқырған мектеп бухгалтері сотталды. 41 жастағы есепші әйел 3 жылдан бері өзі қызмет ететін Айнабұлақ жалпы негізгі білім беретін мектептің ақшасын жымқырып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лауазымын асыра пайдаланған есепші Шолпан Сагидоллина 2016 жылдың қаңтар айынан 2018 жылдың қыркүйек айы аралығында мектеп қажеттілігі үшін бөлінген мемлекеттен бөлінген қаржыны өзінің жеке бас пайдасына жаратқан. Атап айтқанда бухгалтерлік құжаттарға екінші қол қою құқығын пайдалана отырып, Айнабұлақ жалпы негізгі білім беретін мектебінің жалпы сомасы 1 788 779 теңге қаржысын өз есебіне аударып алған.   

Қылмыстық істі қараған Семей қаласының №2 соты есепшіні сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу бабы бойынша кінәлі деп таныды. Сот шешімімен есепшінің бас бостандығы 3 жыл 6 айға шектелді.  

«Сот айыпкерді Қазақстан Республикасы ҚК-нің  189-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып,  оған осы бап бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 55-бабы 4-тармағын  қолданып, 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Ол енді мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банкте, мемлекеттік ұйымдарда  жұмыс істей алмайды»,-деді қалалық №2 сотттың баспасөз қызметі.

 

 

 

 

 

Жоғары қарай