Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 412.10
EUR 454.34
RUB 5.82
CNY 57.62

Семейде егіс алқаптары кеңейе түседі

2020 жылдың 10 сәуір 2020 06:00

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде егін егу науқаны 20 сәуірде басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2020 жылы Семейдегі егістік алқабы 14700 гектарды құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,5% артық. Жоспар бойынша 1049 гектар дәнді дақылдар, 3096,5 гектар картоп, 1474,7 гектар көкөніс, 46 гектар бақша дақылдары, 8049,8 гектар азықтық дақылдар және 984 гектар майлы дақылдар егіледі.

«Осы жылы шаруагерлер сапалы тұқыммен толықтай қамтамасыз етіледі. Тұқымды материалдар сапасы мен себуге жарамдылығын анықтау үшін «Казагрэкс» АҚ зертханасына жіберілді. Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлердің 8,8 мың тонна картоп тұқымы 3096,5 гектар алқапты толықтай қамтамасыз етеді. Ал көкөніс дақылдарының элиталық тұқымдары қапталған түрде Голландия мен Ресейден жеткізілмек», - деп хабарлады қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі.

Бүгінде Семейде тұқым шаруашылығын дамыту мақсатында бірқатар шаралар қолға алынуда. Шаһарда картоптың жоғарғы өнімді тұқымдарын өндіретін 2 ауылшаруашылық құрылымы бар. «Агрофирма Приречное» ЖШС мен «Мұздыбай-1» ШҚ биыл картоптың 1200 тонна І, ІІ, ІІІ репродукциялы тұқымдарын сатуға дайындады.

Айта кетейік, осы жылы қала бойынша егін егу науқаны 20 сәуірде басталып, 15 маусымда аяқталмақ.


Жоғары қарай