Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Семейде басқа елдің акциздік таңбалары бар темекі саудаланған

2019 жылдың 9 қазан 2019 14:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Семейде басқа елдің акциздік таңбалары бар темекі мен сапасыз ішімдік сатылып келген. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

«Заңсыз тауарды бүгін Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері анықтады. Шугаев көшесінде орналасқан дүкенде Қырғыз Республикасының акциздік таңбаларымен және акциздік таңбалары жоқ жалпы 1 180 қорап темекі өнімдерін сату үшін сақтағандығы анықтады. Сонымен қатар, осы дүкен қоймасынан 5 литрлік пластикалық бөтелкеде құрамында адкогольі бар сұйықтық табылды, жалпы көлемі 350 литрді құрайтын 70 пластикалық бөтелкеге құйылған», - делінген хабарламада.

Осы орайда, ведомство өкілдері аталған факті бойынша айыпты адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылатынын мәлім етті.

Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Қылмыспен күрес,
Жоғары қарай