Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 367.06
EUR 416.17
RUB 5.56
CNY 52.84

Семейде алаяқ зейнеткер баласыз әйелдердің 3 млн теңгесін алып кеткен

2018 жылдың 22 мамыр 2018 18:56 886

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде бедеуліктен емдеймін деп тұрғындарды алдаған алаяқ зейнеткер ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Семей қалалық ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

57 жастағы алаяқ зейнеткер 2017 жылдың қаңтар айынан бастап 2018 жылдың сәуір айына дейін ерлер мен әйелдерді бедеуліктен емдеймін деп алдап келген. Тұрғындардың сеніміне кірген ол, бұл қызметі үшін қомақты қаржы алып, өзінің дәрілік заттарын сататын болған. Алайда ақша қолына тигеннен кейін ізін суытады. Әзірге 8 адамды алдағаны белгілі болды. Әкелген шығын көлемі 3 млн теңге.

"Затон полиция бөліміне қала тұрғындары тарапынан бірнеше арыз келіп түсті. Барлығы өздерін алдап кеткен алаяқ азаматшаны қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы. Өйткені алаяқ зейнеткер бедеуліктен емдеймін деп уәде беріп, кейін ақшаны алып қашып кетіп отырған",-деді Семей қалалық ІІБ Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі Елубек Оспанов.

Тергеу кезінде  дәрілік заттар тәркіленіп, сараптама жасалды. Ал зейнеткердің үстінен  алаяқтық әрекеті үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабы, 2 тармағы бойынша іс қозғалды. 

 

 

Жоғары қарай