Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 399.51
EUR 447.33
RUB 5.78
CNY 56.10

Семейде 2 сәуірден бастап қосымша шектеулер енгізіледі

2020 жылдың 2 сәуір 2020 01:17

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы дәріханалар түгелдей медициналық маскалармен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2 сәуірден бастап шаһарда қосымша шектеу шараларының енгізілуіне орай азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істеп, қалған сауда орындары жабылады. Санитарлық бақылау мен дезинфекциялау жұмыстары күшейтіліп, тұрғындардың бәрі маска киіп жүруге міндеттеледі.

«Бүгінде медициналық маска шығару жолға қойылған. Біз әлеуметтің әлжуаз топтарын маскамен тегін қамтамасыз еттік. Бұл 102 мыңнан астам адам. Маска шығаратын кәсіпорынның өнімділігін арттыруды көздеп отырмыз. Әзірге маска тігуді күніне 20 мың данаға көбейту жоспарланған, - деді қала әкім Ермак Сәлімов онлайн-брифинг барысында.

Қазіргі уақытта қалада 166 дәріхана бар. Олар медициналық маскамен толық қамтылған.


Жоғары қарай