Ауа райы
Нұр-Сұлтан 25 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
CNY 55.05

Семей көшелері мен саябақтарына 30 мың көшет отырғызылады

2019 жылдың 1 сәуір 2019 23:32 611

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында санитарлық-тазалық айлығы өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Семей ақпараттық орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Қала əкімі Ермак Сәлімов тазалық жұмыстарына  тұрғындарды, мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар, дүкендер, мейрамханалар, шағын және орта бизнес өкілдерін қатысуға шақырды. Алғашқы сенбілік 6 сәуір күні өтеді.

Қалалық ТКШ бөлімінің басшысы Амантай Өтелбаев айлықты өткізуге барлық коммуналдық қызметтер дайын екенін айтты. Қала тұрғындары тек өз учаскісін ғана емес, іргелес аумақты да ретке келтірулері керек. Қоқыстар "Биг бэги" деп аталатын арнайы үлкен қаптарға жиналатын болады.

"Екі айлықтың шеңберінде қоқыстарды жинап қана қоймай, ғимараттың қоршалған қасбеттерін ретке келтіретін боламыз", - деді Амантай Өтелбаев.

Айлық аясында  көшелер мен саябақтарға 30 мыңнан астам көшет отырғызылады. Жақында Өскемен қаласынан терек, шетен сияқты ағаштардың көшеттері әкелінген.

Бірінші сенбілік өткізілгеннен кейін учаскелік инспекторлардың қатысуымен рейд жүргізіледі. Ал өз аумағын қоқыстан тазартпаған кәсіпкерлерге айыппұл салынады.

 

 

Жоғары қарай