Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 352.54
EUR 415.15
RUB 5.31
CNY 51.53
Кемел Тоқаевтың 95 жылдығына орай: «Солдат соғысқа кетті» АСТАНА. ҚазАқпарат - Екінші дүниежүзілік соғыстың жауынгері, сержант, бейбіт өмірде журналист, жазушы, қоғам қайраткері Кемел Тоқаевтың шоқтықты туындысы «Солдат соғысқа кетті» романы анығында автобиографиялық шығармасы болғандықтан, барынша нақтылығымен, шыншылдығымен, содан да болар, оқырман жүрегіне ауырлығымен де ерекшеленеді. Өйткені бауырды бауыр өлтірген мағынасыз азаматтық соғыстан, түпсіз зорлық-зомбылықтан, қайырсыз аштықтан, қатыгез қуғын-сүргіннен аяусыз қырылған миллиондаған адамдардың сүйегінің үстіне орнатылған Кеңес одағының тарихының өзі жазылмас қасіретпен барабар екендігі баршаға мәлім. Кеңес билігінің өрескел қателігінен айқын төніп келе жатқан агрессия алдында қамсыз қалғандықтан да, соғыстың алғашқы күндері-ақ қисапсыз қырғынға ұшыраған қарапайым халықпен бірге, қолына қару ұстап үлгірмеген мыңдаған әскери боздақтардың баудай түскені де көпке дейін айтылмай келді.
Қазақстанның ҰҚШҰ аясында шешілмеген мәселесі жоқ - Жәнібек Иманәлиев АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жыл Қазақстанның сыртқы саясаты үшін әдеттегідей мазмұнды жыл болды. Еліміздің халықаралық жетекші әріптестермен өзара тиімді ынтымақтастығы дами түсіп, экономикалық дипломатиясының да қарқыны артты. Өңірдегі және тұтастай алғанда халықаралық аренадағы беделі нығая түсті. Сонымен бірге Астананың сыртқы саясатының жоғары белсенділігі көпжақты ынтымақтастықтың маңызды алаңдарында ерекше назарға ілікті. Мәселен, ағымдағы жылдың қаңтары Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде көрнекті және тиімді төрағалығымен есте қалды. Ал өңірлік деңгейде Қазақстанның сыртқы саясатының аса маңызды бағыты Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының аясындағы қызметі екендігі сөзсіз. Айта кетерлігі, өткен жылдың қарашасынан бері Қазақстан бұл ұйымға төрағалық етуде.
Елбасы айтқан Астананың жанындағы Тәуке ханның жазғы ордасы туралы не білеміз АСТАНА. ҚазАқпарат - Күні кеше Астананың 20 жылдығына арналған салтанатты қабылдау барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елорда тарихына ерекше тоқталып, тарихшылар үшін тағы бір тың ізденіске жол ашатын жайтты алға тартып еді. Президент Астананың тарихы көне Бозоқ қалашығынан бастау алатынын, елорданың дәл маңындағы Күйгенжарда Тәуке ханның жазғы ордасының орны табылғанын айтқан еді. «Астана ел қамын жеген Едігеден бастап Әз-Тәукеге дейінгі қазақ хандарының ордасы болған. Менің тапсырмам бойынша зерттеу жүргізген астаналық археологтар Есілдің бойындағы Күйгенжар ауылының тұсынан Әз Тәуке ханның жазғы ордасының орнын тапты», - деді Елбасы. Міне, осы сөзден кейін тарихшылар Әз Тәукенің жазғы ордасы туралы жазбаларын жариялай бастады. Солардың бірі тарих ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің профессоры Жамбыл Артықбаев әлеуметтік желіде жазба қалдырып, хан ордасы туралы жан-жақты баяндап берген екен. «ҚазАқпарат» ХАА тарихшының осы мақаласын оқырманға ұсынады.
ары қарай
Жоғары қарай