Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 356.54
EUR 419.43
RUB 5.42
CNY 51.86
Ұлттық банк валюта курсын өзгертпейді: теңге еркін айналымда қалады АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда валюта бағамының құбылмалылығын девальвация деп атауға бола ма? Биылғы жаз айлары мен қыркүйектің басындағы валюта нарығындағы жағдайда қазақстандықтар доллардың бұрын-соңды болмаған қымбаттауына куә болды. Сондықтан, шетелдік валютасын жұмсап қойған демалушылар да, маусымдық қымбаттаудың ақырын күтіп, доллар алмағандар да енді долларды қазіргі бағамен сатып алуға дайын. Олардың логикасы да түсінікті: сарапшылар мен талдаушылар жыл соңына дейін доллар бағамының 400 теңгеге жететінін айтуда. Девальвациялық болжам кезінде валюта сатып алушылардың рефлекторлық шешімдерінің ықтималдығы үлкен, бұл доллардың күшеюіне серпін береді. Мұндай жағдай Қазақстанның валюта нарығында бірнеше рет байқалған. Еркін айырбас бағамы механизмі қаншалықты жұмыс істейді, қаржылық реттегіш банктің арсеналында қандай шаралар бар және Ұлттық банк валюталық нарықтағы ахуалды тұрақтандыруға қол жеткізе ме? Осы және өзге де сұрақтарға «Деловой Казахстан» газетіне берген сұхбатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев жауап берді.
ары қарай
Жоғары қарай