Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 397.56
EUR 445.94
RUB 5.82
CNY 55.96

Сайрам тұрғыны үйінде екі жабайы дала қыранын заңсыз ұстаған

2020 жылдың 10 сәуір 2020 11:00

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының полицейлері деструктивті-діни ағымды ұстанушыдан Қызыл кітапқа енген құстарды тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сайрам аудандық полиция бөліміне аудан тұрғынының бірінің үйінде жабайы дала қыраны бар екендігі туралы хабарланған. Экологиялық қылмыстың алдын алу барысында полиция қызметкерлері аталған тұрғынның қорасынан екі құсты тапты. Олар ҚР «Қызыл кітабына» енгізілген дала қыраны болып шықты.

Сондай-ақ, полицейлер күдіктінің діни-деструктивті ағымды ұстанушы екенін анықтады. Ер адам ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Қазіргі уақытта осы оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 339-бабы «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр.

Дала қырандары Шымкент қаласының хайуанаттар бағына жіберілді. Тәртіп сақшылары ер адам «Қызыл кітапқа» енген құстарды қандай мақсатта ұстағанын анықтауда.




Полиция азаматтарға Қызыл кітапқа енгізілген сирек кездесетін жануарларды ұстағандарға 3 мың АЕК көлемінде айыппұл немесе 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу немесе айыру түрінде қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.





Жоғары қарай