Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 371.56
EUR 422.43
RUB 5.56
CNY 53.51

Сәулетші «Қазақстан» павильонын реставрациялау жұмысы туралы айтып берді

2018 жылдың 29 маусым 2018 23:08 113

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - «Қазақстан» павильоны Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің (ХШЖК) ең көркем павильондарының бірі болып табылады. Осындай пікірді «ҚазАқпарат» тілшісіне ХШЖК-да «Қазақстан» павильонының реставрациялық жұмысына қатысқан құрылыс компаниялары тобының жетекшісі Сергей Забира айтып берді.

«Қазақстан» павильоны Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің (ХШЖК) ең көркем павильондарының қатарында. 1960 жылы «Металлургия» павильонға айналып, оның түрі параллелепипед пішіндес болған еді. Уақыт өте келе бәрі құлдырап, күмбез бен арка сүріліп тасталған. Барельефтер мен көркемқыштардың қалдығы ғана қалды. Бәрінің өңі қашты. Мүсіндер орналастырылған тұғырлардың барлығы да алынып тасталып, бәрінің кейпі міскін күйге түскен еді», - дейді Сергей Забира.



Сәулетшініің айтуынша, сол жылдары ғимаратқа қосымша бір қабат тұрғызылған. Қосымша құрылысқа техникалық бөлмелер мен кабинеттер енген.

«Бірақ, оның бәрі қолданыста боларлық күйде емес еді. Міне, осылайша, 2017 жылдың желтоқсан айында біз демонтажтау жасап, бөлшектеу жұмыстарына кірісіп кеттік», - дейді ол.

Осыдан кейін бір қабат толық алынып тасталып, күмбез бен шатырдың құрылымы қалпына келтірілген. Бұрынғы өңсіз құрылымдардың барлығы қайта жаңғыртылған. Қазіргі уақытта мүсіндердің макеттері жасалу сатысында. Жуық арада олардың барлығы да қайта әзірленіп, өздерінің тарихи тұғырларына қайта жайғастырылатын болады. Реставрациялық жұмыстар кезінде архивтік сызбалар да қолданылған. Барлық жұмыстар ғылыми басшылықтың араласуымен жүзеге асырылған.



«Бүгінгі таңда реставрациялық жұмыстар әлі де жалғастырылуда. Ол жұмыстар шамамен 5 айға созылатын болады», - дейді сәулетші.

«Реставрациялық жұмыстар Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Маминнің және Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшісі Иманғали Тасмағамбетовтың жіті бақылауымен басталды. Жобаны қаржыландыру бюджеттен тыс қаражаттың есебінен, қазақстандық компаниялардың ақшасымен іске асырылды. Осының арқасында ХШЖК маржаны - «Қазақстан» павильоны қалпына келтірілді. Ол сөзсіз ХШЖК-ның ең көркем павиьлондарының бірі болып қалады», - дейді Сергей Забира.

Автор: Медет Ахметов

Жоғары қарай