Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

Сәтбаев қаласында МЖӘ аясында гемодиализ орталығы ашылады

2019 жылдың 10 тамыз 2019 02:30 138

ҚАРҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Сәтбаевта бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер үшін жаңа диализ орталығы ашылуға дайындалып жатыр. Ол Орталық қалалық аурухананың аумағында (Сәтбаев қаласы, Құсайынов көшесі, 9) орналасады және 30 науқасқа есептелген, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты.

Диализ - бұл бүйректер қанның жиналып қалған қалдықтарын толық шығарудан бас тартқанда, өзіне бүйрекердің міндетін алатын емшара.

Емшара кезінде пациенттің қаны арнайы сүзгі арқылы өтеді, тазартылады және пациентке көктамыр арқылы кері құйылады. Әдетте, гемодиализге аптасына бірнеше рет бару керек. Әрбір процедура 2,5 сағаттан 4,5 сағатқа дейін созылады. Қазіргі күні гемодиализді қажет ететін Сәтбаев тұрғындарына Жезқазған және Қарағанды қалаларына баруларына тура келеді. Жаңа орталық пайда болған соң, бұл медициналық көмекті қалалық ауруханада алатын болады.

«Жобаның бастамашысы – «NefroCare» ЖШС. Жеке инвесторға «нөлдік» жалдау мөлшерлемесімен үй-жай берілді. Диализ кабинетін жөндеуге және жайластыруға 16 миллион теңге, құрал - жабдықтарды сатып алуға 90 миллион теңге жұмсалды. Инвестицияның жалпы сомасы – 106 миллион теңге», - деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әсел Тұяқова.

Оның деректерінше, Қарағанды облысында 149 диализ аппараты жұмыс істейді, 500-ге жуық науқас ем алады. Сондай - ақ, 2020 жылы Топар, Осакаровка және Қарқаралы қалаларында тағы да 3 диализ орталығын ашу жоспарлануда.

Басты сөздер: Қарағанды облысы, Құрылыс,
Жоғары қарай