Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 448.52
EUR 490.32
RUB 5.69
CNY 63.23

Сәтбаев қаласында екі ер адамның мәйіті табылды

2020 жылдың 17 ақпан 2020 17:16

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында полицейлер екі ер адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

16 ақпанда Сәтбаев қаласының полиция бөліміне қаладағы пәтерлердің бірінде екі ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оларды өлтіріп кеткен. Тәртіп сақшылары қаза тапқандардың аты-жөнін анықтады.

«Жедел-іздестіру барысында аталған қылмысты жасады деген күдікпен 34 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Аталған факті бойынша ҚК 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта ұсталған к.дікті уақытша ұстау изоляторына қамалды»,- деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.


Жоғары қарай