Ауа райы
Нұр-Сұлтан 22 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Сарыағашта заңсыз жолаушы тасымалына қарсы рейд өтті

2019 жылдың 21 мамыр 2019 12:48 442

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында заңсыз жолаушы тасымалына тосқауыл қою мақсатында кезекті рейдтік іс-шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінң баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Сарыағаш ауданында өткен ауқымды шараның негізгі мақсаты  -  жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастырумен өткен рейдтік шараға Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Сарыағаш ауданының мемлекеттік кірістер басқармасы, Түркістан облысының көліктік бақылау инспекциясы мен Сарыағаш ауданының полиция бөлімі атсалысты.

null 

Өткізілген рейд нәтижесінде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзу туралы» Кодексіне сәйкес, жолаушылар көлігіне қатысты 25 хаттама түзілді. Бірлескен шара алдағы уақытта жалғасын табады.

 

 

 

 

 

Жоғары қарай